Көліктік бақылау комитеті «Таза ауа» акциясын өткізеді
АСТАНА. Сәуірдің 30-ы. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі сәуірдің 30-ы мен мамырдың 30-ы аралығында «Таза ауа» акциясын өткізеді.
Көліктік бақылау органдарымен бірге акцияға санитарлық-эпидемиологиялық қадағалаудың және жол полициясының жергілікті органдары қатысады, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметінен.
Акцияның мақсаты - автокөлік құралдарының тасымалдаушылары мен жүргізушілерінің рұқсат етілген автокөлік құралдарының шығарындыдағы ластаушы заттар құрамының экологиялық талаптары мен нормаларын сақтауы бөлігінде Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтың алдын алу.
Жылжымалы және стационарлық көліктік бақылау қосындарында автокөлік құралдарын экологиялық нормаларды сақтау бойынша тексеріс газанализаторлары мен түтін өлшегіштерді пайдалану арқылы жүзеге асырылады.
Статистикаға сәйкес 2009 жылы өткізілген осындай акцияның барысында әрбір 6-шы автокөлік құралы экологиялық талаптарды бұзу арқылы жол жүрген. Осылайша өткен жылы 10082 бірлік көлік құралы тексерілді, автокөлік құралының шығарындыдағы ластаушы заттардың рұқсат етілген нормаларының 1623 бұзушылығы анықталды.
Көліктік бақылау комитеті көлік саласындағы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарына байланысты өрескел бұзушылықтар анықталған жағдайда заңды және жеке тұлғаларға белгіленген тәртіпте Әкімшілік құқық бұзушылыққа сәйкес тиісті әкімшілік шаралар қолданылатын болады.