Көліктік бақылау комитетінің темір жол көлігіндегі бақылау-қадағалау қызметінің қорытындысы шығарылды

АСТАНА. Қазанның 16-ы. ҚазАқпарат - ҚР Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитетінің хабарламасы бойынша Көліктік бақылау комитетінің темір жол көлігіндегі бақылау-қадағалау қызметінің 9 айлық қорытындысы шығарылды,

Көліктік бақылау комитетінің темір жол көлігіндегі бақылау-қадағалау қызметінің қорытындысы шығарылды

деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Темір жол көлігіндегі қозғалыс қауіпсіздігіне әсер ететін факторлардың бірі  жылжымалы құрамның тозуы болып табылады.

2009 жылдың қаңтар-қыркүйек аралығында  жүргізілген тексеру барысында темір жол көлігі қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілердің талаптарын орындамау бойынша 17204 бұзушылық анықталды.

 Жүргізілген тексерудің материалдары негізінде 974 акті жасалды, 820 анықталған бұзушылықтарды жою жөнінде 820 нұсқама берілді. Әкімшілік құқық бұзушылық бойынша салынған айыппұлдың көлемі 10 млн. 203 мың теңгені құрады.

  Комитеттің мәліметі бойынша магистральді жолдар құрылысының жағдайы да күтіп-ұстау сапасының тиісті деңгейде емес екенін көрсетіп  отыр, «Алматы-Астана» жолының жылдам жүретін  учаскесінде жүру жылдамдығын шектеу жөнінде жасалған ескертулер  үшін тек ағымдағы жылдың 9 айы ішінде «Тальго» жылдам жүретін жолаушылар пойызын кідіртумен байланысты 215 жағдай тіркелді.  Биылғы жылдың осы кезеңіне дейін «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының салалық қызметтерінің кінәсінен 3134 жолаушылар пойызы жол жүру кезінде кідіріс болды.

Қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету, болуы мүмкін апат зардабының алдын алу мақсатында Көліктік бақылау комитеті есепті кезеңге дейін 183 локомотивті, 906 вагонды және 122 арнайы жол техникасы бірлігін пайдалану бойынша тыйым салу шараларын қабылдады.

 Жолдың жоғарғы құрылысының қанағаттанарлықсыз жай-күйіне байланысты Комитеттің аумақтық органдарының қызметкерлері 297 кірме жолда вагондарды беру-жинау жұмыстарын бұзушылықты жойғанға дейін тоқтатты.

  2009 жылдың қыркүйек айында жүргізілген тексерулердің қорытындысы бойынша Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстары бойынша Комитеттің аумақтық органдарының қызметкерлері «Таман» ЖШС мен «Ибраев и К» ЖШС-нің вагон жөндейтін деполарының «Екібастұз - 1» және Семей стансыларында күрделі жөндеу жұмыстарының сапасыз жүргізілуіне байланысты бұзушылықтарды анықтады. Нәтижесінде 17 жүк вагонын пайдалануға тыйым салынды.

Сондай-ақ жолаушылар тасымалы қызметін көрсететін жеке тасымалдаушыларды тексеру нәтижесінде жолаушыларды, жүк және салмақ жүктерін тасымалдау Ережесінің талаптарын орындамау фактілері анықталды.

Бүгінгі күні Комитет темір жол көлігіндегі апаттылықтың алдын алу бойынша барлық тиісті шараларды қабылдауда.

Осы мақсатта Комитет 2009 жылдың қазанның 1-і мен қарашаның 20-сы аралығында  жолаушылар шаруашылығында, сондай-ақ жүргізілген жөндеу жұмыстарының сапасы бойынша жөндеу мекемелерінде қыс мезгіліндегі жағдайда жұмыс жасауға дайындық жүргізу мәселесі бойынша акция өткізуде.