Көліктік бақылау саласында жемқорлық қылмысы артқан
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Кәсіпкерлер құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңесімен бірлесіп, көліктік бақылау саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау қорытындылары талқылады, деп хабарлайды агенттіктің баспасөз қызметі.
Шара видеобайланыс режимінде Парламент депутаттарының, инвестиция және даму, ішкі істер министрліктерінің, жергілікті атқарушы органдар басшылығының, жүк тасымалдаушы компаниялардың, БАҚ және қоғам өкілдерінің қатысуымен ұйымдастырылды.
Іс-шараны аша отырып, Агенттік төрағасының орынбасары А. Шпекбаев көліктік бақылау саласында сыбайлас жемқорлық қылмыстары өсу үрдісіне мән беріп және жүргізушілердің пара беруінің басты себебі ретіңде тез бүлінетін жүктерді тасымалдайтын автокөліктің тоқтап қалуынан келетін шығынның барлық бағыттар бойынша жүру үшін пара сомасынан әлде қайда жоғары болуын келтірді.
Осылайша, 2016 жылы сыбайлас жемқорлық фактілері бойынша 25, ағымдағы жылдың басынан 16 қылмыстық іс қозғалды.
Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде 1 111 бұзушылықтар анықталып, олардың ішінде 76 % қарастырылмаған құжаттарды талап етуіне келеді.
«Заңнамадағы олқылықтарды және көліктік инфрақұрылымдағы бақылаудың тиімсіз құралдары теріс пиғылды инспекторлармен жеке материалдық пайданы алу үшін қолданылды» - деп хабарлады Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомство басшысының орынбасары.
Отырыс Қазақстанда бизнесті дамытумен байланысты 16 салада сыбайлас жемқорлық үшін жағдайларды төмендету жөніндегі жол картасының шеңберінде ұйымдастырылғанын атап өткен жөн.