Көліктік нысандар лаңкестік пен экстремистік әрекеттерден жіті қорғалатын болады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Үкіметінің отырысында ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек көліктік нысандарды лаңкестік әрекеттерден қорғауға бағытталған шаралар кешенімен таныстырып өтті.

Көліктік нысандар лаңкестік пен экстремистік әрекеттерден жіті қорғалатын болады

Мемлекет басшысының тапсырмасымен, көліктік нысандарды лаңкестік және экстремистік әрекеттерден қорғау бойынша бірқатар шаралар жасалды. Біріншіден, әуежайлар, авто және теміржол вокзалдарын тексеру құрылғыларымен қамтамасыз ету талаптары өзектендірілді. Заманға сай тексеру құрылғыларымен қамтамасыз ету мақсатында 20 әуежай үшін, 12 - мемлекеттік және 8 жекеменшік әуежайдың тиісті қаражат анықталды.

Ақтөбеде берілген тапсырмаға сәйкес, аталған соманы бөлу жөнінде ҚР Қаржы министрлігіне xат жолданды. Жекеменшік әуежайларға теxникалық құрылғылар сенімді басқаруға немесе жалға берілетін болады.

Оның сөзіне қарағанда, ҚТЖ-мен бірге ел бойынша 18 теміржол вокзалында тексеру құрылғыларын орнату қарастырылуда.

«2017 және 2019 жылдарға осы мақсаттарға 6 млрд теңге бөлінеді деп күтілуде», деп атап өтті министр.