Көліктік ведомствода саладағы жемқорлыққа қарсы іс-шаралар талқыланды

министрліктің, көліктік бақылау комитеті мен автомобиль жолдары комитетінің аумақтық құрылымдық бөлімшелері басшыларының қатысумен селекторлық кеңес өткізді, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Отырыс жұмысын бастай отырып, көліктік ведомство басшысы жемқорлыққа қарсы мәселелер талқыланатынын атап өтті. Бұл мәселе үстіміздегі жылғы 22 сәуірде «Нұр Отан» Халықтық-демократиялық партиясының жемқорлықпен күресу жөніндегі Республикалық қоғамдық кеңесінде қаралған болатын. Көлік және коммуникация министрлігі қызметін талдау нәтижесінде жемқорлыққа қарсы жұмыс, атап айтқанда, көліктік бақылау комитеті мен автомобиль жолдары комитетінің құрылымдық бөлімшелерінде жеткіліксіз жүргізілген деген баға берілген еді.
Көліктік ведомство басшысының пікірі бойынша, осыған байланысты аталған заң бұзушылықты жою ғана емес, бұдан былай оны болдырмайтын саясат жүргізу қажет.
17 сәуірде өткен Үкіметтің кеңейтілген кеңесінде Елбасы көлік және коммуникация министрлігі алдында Қазақстан аумағы арқылы жүктің ешбір кідіріссіз және шығынсыз өткізу жүйесін қалыптастыруды тапсырды.
Аталған тапсырманы орындау мақсатында көліктік бақылау саласындағы қалған тұрақты бекеттердің қажеттілігі мен жылжымалы бекет маршруттарын оңтайландыру жөнінде шешім қабылданды. Айталық, таяу арада 7 тұрақты бекет уақытша жабылады.
Соңғы тіркелген заң бұзушылықтардың сараптамасы бойынша бақылау міндетін атқару барысында «адами фактордың» ықпалын болдырмау үшін, екі комитеттің де құрылымын қайта қарау жоспарланып отыр.
Автомобиль жолдары саласының проблемалық мәселелері қатарында - аймақтарға қаржы бөлу мәселесі тұр. Дәлірек айтсақ, халықтыың орналасу тығыздығын, тіркелген автокөлік санын, жолдың жай-күйін, жөндеу жұмыстарының оңтайлы түрін ескере отырып, жергілікті маңыздағы автомобиль жолдары бойынша жоспарлау барысында бюджеттен қаржы бөлу кешенді әдістемесінің болмауы мәселесі. Құрылыс жұмыстарын уақытылы жүргізуге бөгет болып отырған жер телімдерін сатып алу мәселелері де тұр.
Көліктік бақылауда рұқсат беру, оның ішінде тапшы болып жүрген шетелдік рұқсатнамаларды тарату жүйесі жетілдіруді қажет етеді.
Селекторлық кеңес барысында Қарағанды, Алматы, Оңтүстік Қазақстан облыстарындағы аумақаралық инспекциялар басшылары мен Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарындағы автомобиль жолдары комитеті департаменттерінің басшылары аталған бұзушылықтарды жою бағытында атқарылған іс-шаралар жөнінде есеп берді.
Селекторлық кеңесті аяқтай келе, министр барлық басшыларға әр заң бұзушылыққа байланысты дербес жауапкершілікке тартылатындықтарын, оның нәтижелері бойынша кадрлық және әкімшілік шаралар қолданылатындығын ескертті.
Отырыс нәтижесі бойынша кадрлық және заң қызметтеріне, министрліктің тәртіптік комиссиясына бір ай ішінде қызметтік тергеу жүргізіп, тиісті заңды баға беріп, кінәлі адамдарды қызметінен босату жөнінде ұсыныс енгізу тапсырылды. Сонымен қатар, бір апта ішінде ескертулерді жою және бұдан былай жемқорлық фактілерін болдырмауға арналған іс-шаралар жоспарын әзірлеу тапсырылды.