Көлік министрі кешіккен ұшақ жолаушыларымен кездесу үшін Астана әуежайына барды
Марат Қарабаев кешіккен рейстердің жолаушыларымен кездесу үшін Астанадағы халықаралық әуежайына барды, деп хабарлайды Kazinform smartnews.kz сайтына сілтеме жасап.
Толыққанды ақпарат әзірге белгісіз, бірақ желіде тараған видеолардан министрдің адамдарға өз құқы туралы айтып жатқанын байқауға болады.
Еске сала кетсек, Астанадағы халықаралық әуежайда шамамен 2500 адам рейсі кешіккендіктен қалып қойды.
Жоспарланған 30 рейстің 21-і кешігіп, 8-і кейінге қалдырылды. Жағдайдың ушығуына ауа-райының қолайсыздығы себеп болып отыр.