Көлік ішінде есірткі қолданбақ болған қызылордалық тұрғын ұсталды

көлік
Фото: Түркістан облысы ПД

ТҮРКІСТАН. KAZINFORM- Қазіргі таңда күдікті ер адамға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Оқиға Түркістан қаласының орталық көшелерінің бірінде болды. Көлік ішінде отырған ер адамның темекі ретінде белгісіз шөпті әзірлеп жатқаны бейнекамераға түсіп қалған. Күдікті әрекетті байқаған полиция қызметкерлері көлікті тексеру үшін жақын маңдағы полиция қызметкерлеріне бағыт берген. Оқиға орнында тексеру жүргізген полицейлер жүргізушінің «марихуана» есірткісін заңсыз сақтағанын анықтады. 

көлік
Фото: Түркістан облысы ПД

«Облыстық жедел басқару орталығының инспекторлары қоғамның тыныштығын тәулік бойы күзетіп келеді. Бейнебақылау камералары арқылы қылмыстың алдын алуда жүйелі жұмыс істеп жатыр. Мәселен, бейнекамера арқылы түнгі уақытта заңмен тыйым салынған затты қолдану дерегінің жолын кесті. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасатын болады», - делінген Түркістан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі ұсынған ақпаратта.

Соңғы жаңалықтар