Коллайдар алғашқы ғылыми жаңалық әкелді

АСТАНА. Қыркүйектің 22-сі. ҚазАқпарат - Үлкен андрондық коллайдер алғашқы ғылыми жаңалық әкелді,
None
None

деп хабарлайды «Маяк» радиосы.

Оны іске қосқаннан бері физиктер тұңғыш рет қолданыстағы теориялармен негізделмеген түбегейлі жаңа эффектіні анықтады. Протондар соқтығысқан кезде пайда болатын жүздеген бөлшектердің арасында қозғалыстары белгісіз себептермен бір-бірімен байланысты жұптар анықталып отыр. Енді зерттеулер осынау жаңа эффектіге қатысты теориктердің түсіндірмесін күтуде.

Қарапайым бөлшектердің тарихтағы ең үлкен үдеткіші саналатын

Коллайдер бір жылдық үзілістен кейін өткен жылдың қараша айында іске қосылған болатын. Оның 27 шақырымға созылатын тоннелінде жарық жылдамдығына жетеқабыл күшпен айналатын протондар шоғыры соқтығысады.

Коллайдер шығыршық пішінді үдеткіш, онда протондар мен ауыр иондар үдетіле соқтығысады. Құрылғы қарапайым бөлшектерді зерттеуге арналған. Атап айтсақ, ғалымдар коллайдерден Хиггс бозоны деген атауға ие болған аса маңызды бөлшекті таппақ ниетте. Үдеткіштің жобасы аса ауқымды халықаралық бағдарлама түрінде ойластырылған. Үлкен адронды коллайдерді жасап шығаруға әлемнің 44 елінен 10 мыңдай адам қатысты.

Соңғы жаңалықтар