Колледж директоры қашықтан білім берудің артықшылықтарын айтты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Карантин колледждерде қашықтан білім беруді енгізу процесін жеделдетті. Бұл туралы елордадағы Политехникалық колледждің директоры Қасымхан Сенғазыев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Колледж директоры қашықтан білім берудің артықшылықтарын айтты

«Қашықтан оқытуға біз 16 наурыздан бастап көштік, сонымен қатар барлық колледждер де өтті. Білім беру процесіне қашықтан оқытуды кеңінен енгізу шараларын Политехникалық колледж екі жыл бойы пысықтап келген болатын. Карантин қашықтан оқытуға себеп болды. Бізде бұған дейін осы шаралар үшін кейбір құжаттар жетіспеген еді, яғни министрліктің құқықтық актілері. Қашықтан оқытуға көштік, осыдан кейін бұл бағытты меңгеру жеңілдеу болады», - деді директор онлайн-брифинг барысында.

Осы орайда ол бүгінде әлемде қашықтан оқыту қарқынды дамып келе жатқанын әрі оған сұраныс жоғары екенін атап өтті.

«Болашақта ақпараттық және цифрлық ресурстарды пайдалану арқылы заманауи технологияларды кеңінен қолдану жеңіл болады. Бұл тұрғыда оңтайлы тұстары баршылық, себебі студенттер дербес оқуға дағдыланып келеді. Студенттер өз бетінше білім алуға көп көңіл бөле бастады. Өз кезегінде оқытушылар да заманауи технологияларды игеруге назар аударып, бейнесабақтар жазуға кірісіп кетті. Негізі, бұл тәжірибе карантин аяқталғаннан кейін де қажет болады», - Қасымхан Сенғазыев.