Колледждің бухгалтері мен экономисі 10 млн теңгені өздеріне жалақы ретінде жаздырып алған

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысының мемлекеттік аудиторлары Қармақшы аграрлық - техникалық колледжінде аса ірі көлемде қаржы жымқырылғанын анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Қаржы министрлігінің сайтына сілтеме жасап.

Колледждің бухгалтері мен экономисі 10 млн теңгені өздеріне жалақы ретінде жаздырып алған

Жүргізілген аудит барысында, колледждің бас бухгалтері мен экономисі жеке шоттарына еңбек ақы ретінде 10 млн 331 мың теңгенің негізсіз аударғаны анықталды. «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысының талаптары өрескел бұзылған.

Сондай-ақ, 2017 жылы бас бухгалтер еңбек ақы, демалыс және сыйақы ретінде көзделген 1 млн 636 мың теңгенің орнына Халық банктегі жеке карта шотына 8 млн 052 мың теңге аударған, ал экономистке көзделген 1 млн 168 мың теңгенің орнына 3 млн 915 мың теңге аударылған.

Қазіргі уақытта, колледждің қызметкерлеріне еңбек демалысын, демалыс және төлемақыларының заңды аударылуына аудит жүргізілуде.

Фото: bloomconsult.net