Коллекторларға банктік құпия мәліметтерді беру ұсынылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Коллекторлық агенттіктерге банктік құпияға жататын мәліметтерді беру ұсынысы жасалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілішісі.

Коллекторларға банктік құпия мәліметтерді беру ұсынылды

Сенатта өткен дөңгелек үстел отырысында Қазақстан коллекторлары одағының төрағасы Юрий Ли тиісті ұсыныстар қаржы қызметтері тұтынушыларының құқықтарын қорғауға бағытталған ұсынымдарда қамтылғанын айтты.

Қарызды өндіріп алу жұмысын іске асыру үшін коллекторлық агенттікке банктік құпияға немесе микронесиені ұсыну құпиясына жататын мәліметті алу құқығын беру ұсынысына тоқталған Ю. Ли, «Бұл өз кезегінде коллекторларға борышкердің қаржылық жағдайын жан-жақты бағалауға және қарызды сотқа дейін қайтару бойынша жұмысты тиісті деңгейде атқаруға мүмкіндік береді», - деді.

Оның атап өтуінше, алдағы уақытта заңнамаға енгізілетін өзгерістер қаржы қызметтері тұтыушыларын қорғауға бағытталған.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Қазақстанда коллекторлардың өкілеттігі шектелмек.

Сонымен қатар, коллекторлық агенттіктер үшін кәсіби стандарттар тетігін енгізілмек.