Қолмерген Кейкі батыр сүйегінің елге оралуы санамыздың жаңғырғанын көрсетеді - Қуаныш Сұлтанов

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат- Арқалық қаласында «Кейкі Көкембайұлы. Өмірі мен өлімінің тарихы» атты ғылыми-тəжірибелік конференция өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Басқосуға ҚР мемлекеттік хатшысы Гүлшара Əбдіқалықова, ҚР Мəдениет жəне спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, Қостанай облысының əкімі Архимед Мұхамбетов, Венгрияның Қазақстандағы елшісі Андраш Барани, ҚР Парламентінің депутаты Қуаныш Сұлтанов жəне басқа да зиялы қауым өкілдері қатысты. Конференцияны Қостанай облысы əкімі жүргізіп отырды.
null

ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Əбдіқалықова өзінің кіріспе сөзінде елімізде рухани бағытта жүзеге асырылып жатқан шаралардың маңызына тоқталды.
null

«Кейкі Көкембайұлы - болмысы бөлек батыр. Халықтың жоғын жоқтап, əділдік пен парасаттың ақ туын көтерген бабамыз ар-намысты бəрінен биік қойған. Мемлекет басшысының «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» атты бағдарламалық мақаласында тарихтың сабағынан нəр алуымыз керектегін баса айтты. Міне, осы бағытта қасиетті Қостанай өңірінде біршама шаруалар атқарылуда. Оған бəріміз куəміз. Осы істеріңіз жалғаса берсін»,- деген тілек айтты Мемлекеттік хатшы.
null

Венгрияның Қазақстандағы елшісі Андраш Барани Қазақстан мен Венгрияның тарихи байланысы жөнінде айтты. Елші сөзіне сүйенсек, алдағы уақытта елдің ғалымдары бірігіп, бірнеше жобаның орындалуына мұрындық болады.

ҚР Мəдениет жəне спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Кейкі батырдың мүсінін Қостанай облысының музейіне сыйға тартты.

Мұнан соң депут Қуаныш Сұлтанов баяндама жасады.

«Кейкі батыр кесенесінің туған жерінде бой көтеруі - еліміздің тарихи тұлғаларға деген құрметінің көрінісі. Ерліктің символы іспеттес қолмерген сүйегінің елге оралуы да санамыздың жаңғырғаны деп білемін. Иə, қазақтан басқа ешбір ел бодандықтың зардабын осыншалық көрмеген шығар. Ал сонау қиын кезеңдерде бас көтерген арда тұлғалар əр өңірде болды. Торғай топырағынан шыққан Кейкі Көкембайұлының азаттық жолындағы ерлігі ешқашан ұмытылмайды. Оның тарих бетінен өшірілмеуі де біздің қолымызда»,- деді Қуаныш Сұлтанов.
null

ҚР Орталық мемлекеттік мұражайының директоры Нұрсан Əлімбай Кейкі батырдың басы сақталған жəшікті Қостанай облысына тапсырды. Конференцияда белгілі ақын Серік Тұрғынбекұлы мен Кейкі Көкембайұлының тікелей ұрпағы Сейтқали Қосжанов баяндама жасады.

Батыр Жолайұлы

Соңғы жаңалықтар