Колонияларға есірткі жеткізу фактілері бойынша жылдың басынан бері 100 қылмыстық іс қозғалды

АСТАНА.  Қыркүйектің  4-і.  ҚазАқпарат /Ғалымжан  Хасенов/ -     Түзету мекемелеріне    есірткі алып өту фактілері  бойынша жылдың басынан бері 100   қылмыстық іс қозғалды, 

Колонияларға  есірткі    жеткізу фактілері   бойынша  жылдың басынан бері  100 қылмыстық іс қозғалды

деп   хабарлады    Әділет  министрлігінің   Қылмыстық-атқарушы жүйесі комитетінің баспасөз қызметінен.

Қылмыстық кодекстің  259-шы бабы  бойынша (есірткі  заттарын  заңсыз дайындау,  сатып алу,  сақтау,  тасымалдау,   жөнелту),   темір тордың әр жағында  отырған  туыстарына,  достарына  және  жақындарына  «жандары ашып»,    «сәлем-сауқат»     жібермек  болған   қарапайым азаматтық тұлғалар  да   қылмыстық  жауапкершілікке  тартылады.

Кеше,   қыркүйектің 3-інде     Шығыс Қазақстан облысының  бір тұрғыны ұсталды.    ОВ-156/20   мекемесінде  отырған   сотталушыға      әкелген   оның  сәлем-сауқатының ішінен,   «Ассам»  шайының  қорабынан   739,79 грамм марихуана   табылды.