Колорадо штатында 13 жасқа дейінгілерге смартфон сатуға тыйым салынбақ
АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-тың Колорадо штатының үкіметі 13 жасқа дейінгі балаларға смартфон сатуға заң жүзінде тыйым салуды ұсынған бастаманы қолдады. Бұл туралы Coloradoan басылымы хабарлады.
Заң жобасы смартфон сататын компаниялар клиенттерге негізгі пайдаланушының жасы туралы сұрақ қойып, жыл сайын осы талапты сақтау туралы есепті Колорадо штатының Кірістер департаментіне жіберді. 13 жастан кіші балаға телефон сатқан жағдайда компания бірінші жолы ескерту алады, заң бұзушылық қайталанған жағдайда, 500 долларға дейін айыппұл салынуы мүмкін.
Бұл ұсынысты Денверден анестезиолог Тим Фарнум басқаратын «Ата-аналар кәмелеттік жасқа толмаған балаларының сматрфон ұстауына қарсы» комерциялық емес ұйымы ұсынды. Оның айтуынша, бала смартфонды ерте жастан пайдаланса, ол оның психикасына кері әсер етіп, мобильдік құрылғыға тәуелді етеді.
Бұл заң жобасына келесі жылы дауыс беріледі. Бұл үшін заң жобасының авторлары 300 мыға жуық сайлаушының қолын жинауы тиіс.