Колорадо штатында кинокөрсетілім кезінде жарақат алғандардың саны 59 адамға жетті

АСТАНА. 21 шілде. ҚазАқпарат - Американың Колорадо штатында кинокөрсетілім кезінде болған атыстың салдарынан, соңғы мәліметтер бойынша жарақат алғандардың саны 59 адамға жетті, қаза тапқандардың саны өзгерген жоқ.

Колорадо штатында кинокөрсетілім кезінде жарақат алғандардың саны 59 адамға жетті

Бұған дейін 12 адамның мерт болғаны, 38-інің жарақат алғаны туралы хабарланған болатын. Айта кетейік, қаза тапқандар мен жарақаттанғандар ішінде әйелдер мен балалар бар, деп хабарлайды Утро. ру.

 Естеріңізге сала кетейік, оқиға жұмаға қараған түні, Аврора қаласындағы (Колорадо штаты, Денвер шет аймағы) «Century Aurora 16 Movie Theater» кинотеатрында «Қара рыцарь: Аңыздың оралуы» атты қаһарман Бэтмен туралы фильмнің премьерасында орын алды.

Кинолентаны көрсету кезінде жарылыс болған. Куәгерлердің айтуларынша,  көрсетілім кезінде залға бір адам кіріп келіп, граната лақтырып, оқ жаудырған.

Қазіргі уақытта күдікті қолға түсті. Ол 24 жасар жергілікті тұрғын Джеймс Холмс есімді азамат болып шықты.