22:44, 06 Тамыз 2015 | GMT +5
Колорадо штатында обадан кісі өлімі тіркелді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Американдық Колорадо штатында обадан кісі өлімі тіркелді, деп хабарлады ТАСС.
Бұл туралы CNN телекомпаниясы Пуэбло-Сити округінің денсаулық сақтау департаментіне сілтеме жасап хабарлады.
Ведомствоның мәліметтеріне қарағанда, қайтыс болған адам «жемтіктермен немесе басқа бір өлген жануарлармен қоректенген жәндіктерден жұғуы мүмкін».
Әзірге оқиғаның мән-жайы хабарланған жоқ.
Биылғы жылы бұдан бұрын осы штаттың Лаример округінде, ал өткен жылы Колорадода осы індеттен сегіз адам көз жұмғаны тіркелген болатын.
АҚШ денсаулық сақтау министрлігі жанындағы Ауруларды бақылау орталығының мәліметтері бойынша, елде жыл сайын оба індетінен шамамен жеті адамның ауруға шалдығуы тіркеледі. Дегенмен, заманауи антибиотиктердің көмегімен ауруды емдеп жазуға қол жеткізілуде, бұдан жүз жыл бұрын миллиондаған адам оның құрбаны болған еді.