Колорадода Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі ұшқыр ұшақ апатқа ұшырады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жұма күні АҚШ-тың Дуранго қаласы маңында (Колорадо штаты) екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі ұшқыр ұшақ апатқа ұшырап, екі адам қаза тапты.
Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, шағын истребитель North American P-51 Mustang белгісіз жағдайда жергілікті әуежайдан ұшқан сәтте бірден жерге құлаған. Қазіргі уқытта апаттың себеп-салдары тексерілуде.