Көлсай маңында қоңыр аю видеоға түсіп қалды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бұл жайында Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитетінің ресми парақшасынан мәлім болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

Көктемнің жаңбырлы күнінде қоңыр аю «Көлсай көлдері» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің бейнетұзағына түсіп қалған.

Видео наурыз айында түсірілген. Орман шаруашылығы комитеті оны кеше ғана жариялады.

«Соңғы жылдары үлттық парк аумағында аюлар жиі кездесіп жүр, олардың саны жыл сайын артып келеді. Қазір аталмыш аумақтағы аю саны шамамен 19-22 дараққа жетті» деп мәлім етті ведомстводан.

Тяньшань қоңыр аюы Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген.



Соңғы жаңалықтар