Көлсай мен Қайыңды көлдері демалыс күндеріне жабылмайтын болды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Көлсай мен Қайыңды көлдері демалыс күндеріне жабылмайтын болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«29-31 тамыз аралығында Алматы облысы Кеген ауданының «Көлсай көлдері МҰТП» РММ аумағында қатаң шектеу шаралары енгізілетін болады. Демалыс аймағына келген қонақтардың көп шоғырланбауы мақсатында аудан әкімдігінің жанындағы мониторинг тобы және еріктілер бірлесіп, келушілерде бетперделерінің болуын, сондай-ақ әлеуметтік қашықтың сақталуын қадағалайтын болады. Сонымен қатар, туристе бетперде болмаған жағдайда, еріктілер оларды тегін таратуды жоспарлап отыр», - делінген Кеген аудандық Тауарлармен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының ресми хабарламасында.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін осы ауданның бас санитариялық дәрігерінің аталған демалыс орындарының дәл демалыс күндері жұмысын тоқтату жөнінде шығарған қаулысын жариялаған болатынбыз. Не себепті қаулыны қайта өзгерткені белгісіз.



Соңғы жаңалықтар
telegram