08:21, 25 Желтоқсан 2017 | GMT +5
Қолтырауын туристер мінген қайыққа секірді
АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-тың Флорида штатында қолтырауын туристер мінген қайыққа секіріп, адамдардың зәресін алды, деп хабарлайды Daily Mirror.

Қайықтағы адамдардың бірі түсірген видеода қолтырауынды қызықтаған туристер оның қасына қайықпен барғанда, жыртқыштың олар отырған қайыққа секіріп мінген сәті бейнеленген. Зәре-құты қашқан туристер жан-жаққа қашады.
Оқиғадан ешкім зардап шекпеген. Кейін бауырымен жорғалаушы суға өзі қайтадан секіріп кеткен.