09:16, 19 Қазан 2015 | GMT +5
Колумбия астанасында шағын ұшақ апатқа ұшырап, салдарынан бес адам қаза тапқан
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жексенбі күні Колумбия астанасы Боготада шағын ұшақтың апатқа ұшырауы салдарынан бес адам қаза тапқан. Бұл туралы 19 қазанда Associated Press хабарлап отыр.

Оның мәліметтерінше, әуеге ұшқаннан кейін үш минут өткен соң ұшақ наубайхананың үстіне құлаған. Оқиға салдарынан әуе кемесінің ұшқышы, үш жолаушы, сондай-ақ ғимараттың ішінде болған бір адам қаза тапқан. Бұдан басқа, жеті адам зардап шеккен. Олардың екеуі ауыр халде ауруханаға жеткізілді.
Оқиға себептері туралы ақпарат әзірге келіп түскен жоқ, деп жазады ТАСС.