Колумбия ормандарында улы бақалардың жаңа түрі табылды

БОГОТА. Ақпанның 4-і. ҚазАқпарат - Колумбия ормандарында ғылымға бұрын беймәлім болып келген оншақты қосмекенді табылды, олардың ішінде тікенді қызыл-сары түсті бақа мен оған ұқсас тағы үш улы бақа бар,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат MIGnews.com басылымына сілтеме жасап. Ғылым үшін жаңалық болып табылатын бұл жаңа қосмекенділердің қатарында терілерінің жұқалығы соншалық, тері арқылы жәндіктің ішкі органдары көрініп тұратын «шыны бақалар» да бар. Бұл жаңалықтар Колумбияның таулы аудандарына, Панамамен шекаралас Дарьен облысына жасалған үшапталық экспедициялар барысында ашылып отыр. Бұл экспедицияларды Табиғатты қорғау жөніндегі халықаралық қоғам мен "Экотропико" қорының ғалымдары бастап барды.
Соңғы жаңалықтар