Колумбия полициясы 8 тонна кокаин тәркіледі

АСТАНА. ҚазАқпарат - Колумбия полициясы елдің солтүстік-шығысындағы Турбо қаласы маңында орналасқан ферманы тінту барысында 8 тонна кокаин тәркіледі, деп хабарлады «ВВС» агенттігі.

Колумбия полициясы 8 тонна кокаин тәркіледі

Бұл соңғы он жылда тәркіленген ірі есірткі партиясы болып есептеліп отыр.
Полиция мәліметі бойынша, есірткі Усуга бандасына тиесілі болған.