Колумбия Президентi есiрткiлерді заңдастыру туралы ойланып көруге уәде бердi

АСТАНА. 14 ақпан. ҚазАқпарат - Колумбия Президенті Хуан Мануэль Сантос (Juan Manuel Santos) егер елдегі қылмыспен күрес жұмыстарына көмегі тисе, есірткілерді заңдастыру мүмкіндігін қарастырып көруге дайын.

Колумбия Президентi есiрткiлерді заңдастыру туралы ойланып көруге уәде бердi

Бұл туралы "Лента.ру" Agence France-Pressкe сілтеме жасап хабарлайды. Президент колумбиялық Semana журналының жексенбілік нөміріне сұхбат берді.

«Мен кез-келген ықпалды үлгілерге қарсы емеспін. Егер әлем есірткілерді заңдастыра алса, бұл қадам зорлық-зомбылық пен қылмысты азайтуға көмегі тиеді деп шешім қабылдаса, онда мен онымен келісемін», - деген Сантостың сөзінен үзінді келтіреді агенттік.