Колумбия президенті Нобель сыйлығын алды
АСТАНА . ҚазАқпарат - 2016 жылғы Нобель сыйлығы Осло қаласында Колумбия президенті Хуан Мануэль Сантосқа берілді. Ол Нобель комитеті өкілдерінің хабарлауынша, елде 50 жылдан астам уақыттан бері жалғасып келе жатқан азаматтық соғыстың себеп-салдары анықталу үшін барлық қажетті шараларды қолданған.
Салтанатты рәсім Норвегия астанасы қалалық ратушасында өтіп жатыр. Оны Норвегия мен Швеция телеарналарны насихаттауда. Биылғы жылы сыйлықтың иегерін норвегиялық Нобелев комитеті төрағасының орынбасары Берит Рейс-Андерсен ұсынды.
Әдетте бұл рәсімді төраға Каси Куллманн Фиве жасайтын. Алайда ол биылғы шараға қатыса алмады. Сондықтан да диплом мен медальды президент Сантосқа оның орынбасары сыйлады. Биылғы жылдың лауреатын ұсына отырып, ол Колумбия президентінің атқарған істерін ғана емес, Колумбияның өзге де азаматтарының ортақ іске қосқан үлестерін бағалады.
«Бейбіт әлемнің қалыптасуына өзге де көптеген топтар мен жекелеген азаматтар үлес қосты. Олар біздің алғысымызға, құрметімізге лайықты. Біз азаматтық соғыстың құрбандарына тиісті деңгейде құрмет көрсете аламыз. Олардың бірқатары тіпті біздің бүгінгі ортамызда да өмір сүріп жатыр. Олар азаматтық соғыс өкілдеріне тиісті көңіл бөлген дұрыс»-деді Реис-Андерсен салтанатты құттықтау рәсімінде.
1964 жылдан басталған үкіметтік күш-құрылымдары мен «Колумбияның революциялық қарулы күштері» әскері солшыл радикалды күштері мен түрлі әскерилендірілген радикалды топ өкілдері арасында болған қақтығыстардың салдарынан 222 адам мерт болды.
2017 жылдың 27 қыркүйегінде бірнеше жыл қатарынан жүргізілген келіссөздердің нәтижесінде тараптар арасында өзара ынтымақтастық жөніндегі келісімнің қалыптасқандығы белгілі болды.
Оның талаптары бойынша, барлық көтерілісшілер қарусыздандырылып, бұрынғы революцинерлердің бейбіт өмірге реинтеграциялануы керек еді. Сондай-ақ әскери қылмыстық топтармен күресті нығайту қажет болатын.
Бұл келісімдер қалың көпшілік тарапынан қолдау таппады. Олар 3 желтоқсан күні ұсынылған өзара келісім мәселесіне қарсы шықты. Бүкілхалықтық дауыс беру рәсімінің нәтижелеріне қарамастан, Колумбияның депутттары өзара бейбіт келісім жөніндегі құжатты мақұлдады.