Колумбия соты үндістерге 50 мың гектар жерді қайтарып берді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Колумбияның Антиокия департаментінің соты үндістерге көптеген аса ірі тау-кен қазушы компаниялар қызығушылық танытып отырған 50 мың гектар жерді қайтарып беру туралы шешім қабылдады, деп хабарлады жұма күні El Espectador басылымы.
Жер дауының басталғаны бірінші жыл емес. 1979 жылы үндістердің пайдасына шешім қабылданған болатын, алайда ол орындалған жоқ, жердің 62 пайызы түрлі тау-кен өндіруші компанияларға таратылды.
Енді сот тарапынан барлық деңгейдегі билік орындарына үндіс халқына жерлерін қайтарып беруге кепіл болуға нұсқау жолданды. Ал сәйкес бақылау органдарына осы аумақтардағы жүзеге асырылған жобалардың әрқайсысын тексеру жүктелді.
Сонымен бірге, алдағы алты ай ішінде жерлерді қайтарып беру мәселесімен шұғылданатын ұйым кеніштерден келтірген залалға өз бағасын берулері керек.