Колумбия тұрғыны лотереядан 14,7 млн доллар ұтты
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат—Колумбияда Кали қаласының тұрғыны лотереядан 56 500 млн песо ұтқан, бұл 14 722 092 долларға тең. Бұл туралы ҚазАқпарат елдегі лотерея ұйымдастырушы Baloto Revancha компаниясына сілтеме жасап хабарлайды.
«Сәттілігіне сеніп, үйіне 56 500 млн песо алып кететін азаматты қол соғып, құттықтап қоялық», - делінген Twitter -де жарияланған хабарламада.
Кали тұрғыны лотерея джекпотын ұтқан 102-ші адам екені атап өтіледі.