Колумбия университетінің профессоры Р. Абазов: Тарих - қадым ғасырлардың куәсі
АСТАНА. ҚазАқпарат - Тарих дегеніміз қадым ғасырлардың куәсі десек, осындай құндылықты ел аумағында дәріптеп, ұлт болып тойлап, халықаралық деңгейде атап өту халықтың бірлігі мен ынтымағы жарасқан ел екендігінен сыр шертеді.
Колумбия университетінің профессоры Рафис Абазов «Егемен Қазақстан» басылымында осындай пікірін білдірді. «Бүгін тарихты тойлаған тарихи оқиға, ерекше құбылыс орын алуда. Өңір-өңірден шекара асып келгендердің баршасы осынау атаулы күннің қуанышын бөліспек. Осылай насихатталу барысында бұл мерейтойдың тарихи, мәдени және халықаралық маңызы арта түспек. Білдей бір мемлекеттің елордасы Астана қаласының төрінде тойланып отырған Қазақ хандығының 550 жылдығы құтты болсын. Республика халқына береке, бірлік пен баянды болашақ тілеймін»,-дейді колумбиялық профессор.