Колумбияда ел Президенті сайланды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Колумбияның Ұлттық сайлау кеңесі елде өткен Президенттік сайлаудың қорытындысын жариялады, деп жазады 24.kz.

Колумбияда ел Президенті сайланды

Осылайша Хуан Мануэль Сантос Кальдерон ел президенті болып сайланды. Ал вице-президент болып Херман Варгас Льерас тағайындалды.

Айта кетейік, елде 15 маусымда сайлаудың екінші кезеңі өткен болатын. Саяси додаға 33 млн. тұрғын қатысты. Елде жарты ғасырдан бері келе жатқан «Колумбияның көтерілісшіл қарулы күштері» қозғалысы уақытша бітімге келгендіктен сайлау тыныш өтті.