Колумбияда кеме бортынан бір тонна кокаин тәркіленді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Колумбияның есірткіге қарсы департаментінің полициялары Нуэво-Пуэрто портында панамалық кеме бортынан бір тонна кокаинды тәркіледі.
Бұл туралы РИА «Новости» хабарлады.
Есірткі дәретхана қағаздары жүгінің астына жасырылып, карибтік Кюрасао аралына жеткізілмек болған. Полиция ақпаратына сәйкес, оқиға орнында кокаинның осы ірі партиясына қатысы бар үш адам ұсталды.
Тыйым салынған зат портқа Колумбияның орталық аудандарынан жеткізілген. Кейін ол Кюрасао аралынан Еуропаға жеткізілуі тиіс еді, деп жазды El Heraldo басылымы.