Колумбияда қосарланған лаңкестік оқиға орын алды: 25 адам жарақаттанды. ФОТО

  АСТАНА. 13 қараша. ҚазАқпарат - Колумбияның оңтүстік-батысында орналасқан Суарес қаласының орталығында кеше кешке қарай лаңкестік орын алды.
None
None

Полиция учаскесінен алыс емес жерде екі жарылғыш зат іске қосылды, соның нәтижесінде 25 адам жарақаттанды, деп хабарлады РБК.

Жарақаттандардың ішінде бір полиция офицері бар. Жергілікті тұрғындар жеңіл жарақаттанған. Дегенмен 60-қа жуық үй қирады.

Жергілікті полицияның болжамы бойынша, лаңкестікті «Колумбияның төңкерістік қарулы күштері» тобының содырлары (РВСК, FARC)  ұйымдастыруы мүмкін.

Айта кетейік, содырлар колумбиялық биліктермен 1960 жылдан бастап күресіп келеді. Бұған дейін FARC ел аумағының 20 пайызын бақылауға алған болатын, алайда кейін оның позициясы айтарлықтай әлсіреді.

Соңғы жаңалықтар