Колумбияда полиция мектебін жарып жіберді: 8 адам қаза тауып, 38-і ауыр жараланды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Колумбияда Богота қаласындағы полиция мектебінде болған жарылыс салдарынан кем дегенде сегіз адам қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

El Tiempo газетінің жазуынша, оқиға бейсенбі күні таңертең қаланың оңтүстік бөлігінде болған. Жарылғыш заттарға толы көлік Колумбия ұлттық полиция академиясы ғимаратының қабырғасына соқтығысқан. Жергілікті биліктің дерегі бойынша, тағы 38 адам жарақат алған. Олар таяу жердегі ауруханаға жеткізілді. Олардың жағдайы туралы әзірге белгісіз.

Билік тергеуді бастады.

Соңғы жаңалықтар
telegram