Колумбияда шахтада бірнеше рет жарылыс болып, 11 адам қаза тапты

БУЭНОС-АЙРЕС. ТАСС – ҚазАқпарат – Колмубияда елдің орталығындағы Сутатауса муниципалитетіндегі шахтада бірнеше рет жарылыс болып, 11 адам қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Колумбияда шахтада бірнеше рет жарылыс болып, 11 адам қаза тапты

El Tiempo басылымының хабарлауынша, шахтада 30-дан астам кеншілер болған.

Кундинамарка департаментінің директоры Николас Гарсиа Бустостың Twitter-дегі жазбасына қарағанда, жергілікті сағат 05:20 минуттағы жағдай бойынша, тоннельде 17 адам қалып қойған. Оқиға орнында құтқарушылар жұмыс істеп жатыр.

Сутатаустегі көмір шахталарының біріндегі жарылыс сейсенбі күні кешкісін болды. Артынан көрші 4 шахтада бірнеше рет жарылыс болды.