Колумбияда су тасқынынан 452 адам опат болды

АСТАНА. 19 мамыр. ҚазАқпарат - Кеше, 18 мамыр күні Колумбияның азаматтық қорғаныс ұлттық қызметінің өкілдері сәуірдің басынан бері елдегі су тасқыны мен сел жүруден опат болғандар саны 452 адамға жетті деп мәлімдеді.

Колумбияда су тасқынынан 452 адам опат болды

Ал толассыз нөсерден зардап шеккен колумбиялықтардың жалпы саны 3,4 миллионнан асып жығылады, деп хабарлайды ВЕСТИ.ru.

Қатты нөсер Оңтүстік Америка мемлекетін үлкен шығынға батырып отыр. Әртүрлі дәрежедегі су тасқынынан 1120 колумбиялық муниципияның 1030-ы зардап шеккен. 1,2 миллиард гектардан астам ауыл шаруашылығына пайдалы жер су астында қалып отыр. Ондаған жол мен көпір істен шыққан. Мыңның үстінде ірі қара мал өліп, жарты миллион тауық суға батып кеткен.