Колумбияда тікұшақ апатқа ұшырап, тек екі адам тірі қалды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жексенбі күні Мета департаментінде тікұшақ құлап, салдарынан төрт колумбиялық әскери қызметші қаза тауып, екі адам жарақат алды, деп хабарлады оңтүстік-америкалық елдің қарулы күштеріне сілтемемен РИА Новости.
Билік деректеріне сүйенсек, әскерге жүк жеткізбекші болған Black Hawk UH-60L тікұшағы жерге құлаған. Апатқа техникалық ақау себеп болған.
Қаза тапқандардың ішінде - офицер, ефрейтор және екі қатардағы жауынгер бар, деп хабарлады жергілікті Blu радиосы. Апаттың нақты себебін анықтау үшін тергеу басталды.