Колумбияда зауыттағы апат бес адамның өмірін қиып кетті

БОГОТА. ҚазАқпарат – Колумбияда күріш зауытында болған апат салдарынан кем дегенде бес адам қаза тапты. Бұл туралы ҚазАқпарат La FM радиостансасына сілтеме жасап хабарлайды.

Колумбияда зауыттағы апат бес адамның өмірін қиып кетті

Оның мәліметінше, оқиға Пуэрто-Лопес муниципалитетінде (Мета орталық департаменті) орын алған. Жұмысшылардың үстіне 100 тонна күріш сақталған бункер құлады. Бес адам оқиға орнында мерт болды.

Билік оқиғаны тергеу амалдарын бастады.