23:39, 26 Желтоқсан 2019 | GMT +5
Колумбиядағы су тасқыны сегіз адамның өмірін қиып кетті
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –Колумбияның орталық бөлігінде болған су тасқыны салдарынан кем дегенде сегіз адам опат болды, деп хабарлады бейсенбіде El Tiempo газеті.
Басылымның деректеріне қарағанда, оқыс оқиға Чапарраль муниципалитетінде (Толима департаменті) болған.
Әзірге белгілісі, Моно өзеніндегі су күрт көтеріліп, жақын маңдағы елді мекендерді басып қалған. Тасқын салдарынан көптеген үйлер қираған.
Құтқару қызметі жоғалған адамдарды іздестіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Аймақ билігі су тасқынынан зардап шекендерге көмек көрсетуде.