Колумбиялық әскерилер 12 жыл тұтқында болған 2 адамды босатты

АСТАНА. Маусымның 14-і. ҚазАқпарат - Колумбия Президенті Альваро Урибе жексенбі күні 1998 жылдан бері «Колумбияның революциялық қарулы күштері» қылмыскерлерінің тұтқынында болған екі адамның босатылғандығын жариялады,

Колумбиялық әскерилер 12 жыл тұтқында болған 2 адамды босатты

деп хабарлайды РИА жаңалықтар агенттігі Франс Пресс агенттігіне сілтеме жасай отырып.

Тұтқында болған кезінде полиция генералы атағын алған Луис Мендиетта (Luis Mendieta) мен полиция полковнигі Энрике Мурилло (Enrique Murillo) құқық қорғау органдарының жүргізген арнайы операциясы барысында тұтқыннан босатылған.