Колумбиялық тауық «алып» жұмыртқа салды

АСТАНА. 8 ақпан. ҚазАқпарат - Колумбиялық фермер Эрнандо Ниньоның Франсискана атты тауығы «алып» жұмыртқа салды. Ниньо 245 грамдық жұмыртқа Гиннестің рекордтар кітабына енетініне сенімді.

Колумбиялық тауық «алып» жұмыртқа салды

«Креолдық тұқымда пайда болған бұл тауықтың жұмыртқасы әлемдегі ең үлкен жұмыртқа екеніне сенімдімін», - деді ол. Менің білуімше, осыған дейінгі ең үлкен 175 грамдық жұмыртқа Қытайда,  одан бұрын 163 грамдық жұмыртқа Ұлыбританияда тіркелген еді. Франсискананың жұмыртқасы шамамен 245 граммды құрайды, ол 40-60 граммды құрайтын тауықтың орташа жұмыртқасынан 5 есе үлкен.

Айта кетейік, Папуа-Жаңа Гвинеяда пайда болған ең кішкентай жұмыртқаның салмағы 9, 743 грамды құраған еді. Ол Франсисканоның жұмыртқасына қарағанда 25 есе кішкентай.