Колумбиялықтар пластикалық бөтелкелерден үй тұрғызуда

АСТАНА. ҚазАқпарат - Колумбиялықтар пластикалық бөтелкелерден бірқабатты үй салуда. Оларды құммен немесе топырақпен толтырады.

Колумбиялықтар пластикалық бөтелкелерден үй тұрғызуда

Колумбиялық шеберлер бөтелкені тығынмен нығыздай жауып, олардың шамамен бірдей көлемдегілерін пайдалануды ұсынады.

Олар кірпіштің орнын алмастырған бөтелкені синтетикалық бау арқылы бір-біріне байланыстырып, цемент ерітіндісімен қалауда, деп хабарлайды Mignews. Егер үйдің қандай материалмен тұрғызылғанын көрсеткіңіз келмесе, толықтай сылап тастауға болады.