11:13, 02 Маусым 2014 | GMT +5
Колумбияның футболшы қойлары Бразилияның қойлар құрамасын ойсырата жеңді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Футболдан әлем чемпионатына санаулы күндер қалғанда Колумбияның футбол командасы Бразилияның құрамасын ойсырата жеңді, тек бір ерекшелігі - екі команданың ойыншылары да қой малынан құралды, деп хабарлайды Би-Би-Си.
Осылайша, Андыдағы колумбиялық Нобса қаласында ерекше спорттық жарыс ұйымдастырылды. Екі ел құрамасының киімімен түстес форма кигізілген қойлар өзара бәсекеге түсті.
Додаға қатысқан жануарлар допты қақпаға енгізуге үйретілген екен.
Алайда бір ыңғайсыздығы, олар футбол алаңындағы шөппен қоректену үшін оқтын-оқтын ойынды үзіп отырған.