Қолына бала көтерген ер адамды Қостанай облысында көлік қақты

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Рудныйда бала көтеріп, жолдан өтіп бара жатқан ер адамды көлік қағып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

«Рудный қаласы, Ленин көшесі, №60 үйдің жанында 18 жастағы жүргізуші Р есейде тіркелген «ВАЗ-2112» автокөлігін басқарып келе жатып, реттелмейтін жаяу жүргіншілер жолағында бала көтерген жаяу адамды қағып кетті. Оқиға салдарынан жаяу жүргінші мен бала түрлі дене жарақатын алды. Олар Рудный қалалық ауруханасына жеткізілді», - деп хабарлады облыстық полиция департаментінен.

Жүргізушіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 1-бөлігі («Автомобиль, троллейбус, трамвай немесе өзге де механикалық көлік құралын басқарған адамның абайсызда адам денсаулығына орташа ауырлықтағы зиян келтіруге әкеп соққан жол жүру немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы») бойынша сотқа дейінгі іс қозғалды.


Соңғы жаңалықтар