17:40, 15 Сәуір 2011 | GMT +5
Қолынан іс келетін, мемлекетке пайдасы көп лауазым иелерін ауыстырудың қажеті шамалы - Елбасы
АСТАНА. 15 сәуір. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Қолынан іс келетін, мемлекетке пайдасы көп лауазым иелерін ауыстырудың қажеті шамалы. Бүгін ҚР Парламенті Cенатының жалпы отырысында бірқатар жоғары қызметтерге кандидаттарды тағайындаудан кейін сөйлеген сөзінде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев осылай деді.
«Осы аптаның ішінде мен барлық лауазымды мемлекеттік органдарда тиісті тағайындаулар жасадым. Оның ішінде жаңалары да, ескілері де бар. Алайда Үкімет құрамының дені өз орнында қалды. Бұған себеп - жұмыс істеп жүрген адамды, қолынан іс келетін адамды, мемлекетке табыс әкелетін адамдарды ауыстырудың қажеті шамалы деп ойлаймын. Кешегі қабылданған бағдарламадан осы Үкімет бір команда болып шықты, берілген тапсырмаларды орындады. Ендігі күні бұны ары-қарай орындау керек. Сондықтан да, алдағы уақытта қолға алынған міндеттерді орындауға тиіспіз», - деді Елбасы.