«Қолжетімді әкімдік» қандай жоба

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 50 жергілікті атқарушы органда «Қолжетімді әкімдік» жобасы іске қосылды. Бұл туралы бүгін Кәсіпкерлердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылы жөніндегі ІІІ республикалық форумда ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біз 2020 жылдың соңына қарай мемлекеттік қызметтердің 90 пайызы электронды түрде, ал қалған 10 пайызы «бір терезе» арқылы көрсетілуін көздеп отырмыз. Бірқатар облыс әкімдігінде тұрмыстық жемқорлықты төмендетуге мүмкіндік беретін жайлы фронт-кеңселер құрылды»,- деді агенттік басшысы.

Оның айтуынша, 50 жергілікті атқарушы органда «Қолжетімді әкімдік» жобасы іске қосылды. Онда арнайы жабдықталған операциялық залдан сәулет, қала құрылысы, жер қатынастары, ауыл шаруашылығы сынды салалардағы 25 қызмет түрін алуға мүмкіндік бар.

«Қызметтік алаңдар да оңтайландырылып жатыр. Оупэн-спэйстер енгізілуде. Ішкі бизнес-процесстер түбегейлі қайта қарастырылуда. Клиентке бағдарланған әдіс құқық қорғау органдары мен сот саласында да таралып жатыр. Шағын және орта бизнестің дамуына жиі кедергі болатын тұрмыстық жемқорлықты жою және бюрократияны төмендетуге бағытталған бірқатар бастама «Жемқорлықтан ада өңірлер» жобасы аясында қарқынды жүзеге асырылып жатыр. Көптеген басшының өзгерістерге шынайы ұмтылысын көріп отырмыз. Олар креативті әрі бастамашыл, инновацияны табысты енгізіп жатыр және жауапкершілік алудан қорықпайды. Мұндай басқарушылар көп болған сайын азаматтардың қажеттілігіне бағдарланған инновациялық мемлекеттік аппарат қалыптастыру мақсатына тезірек жететін боламыз», - деді Алик Шпекбаев.

Соңғы жаңалықтар