Қолжетімді баспана-2020»: қазақстандықтар үшін қолжетімді ме?
Әңгіме барысы «Қолжетімді баспана-2020»: қазақстандықтар үшін қолжетімді ме?» деген тақырыпта өрілмек, деп хабарлайды «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-ның Қоғаммен байланыс департаменті.
Клуб отырысында саясаткерлер, мемлекеттік аппарат өкілдері, бизнесмендер, публицистер бас қосып, әдеттегідей еліміздегі ең маңызды да өзекті мәселелерін талқыға салады.
Арасында мүгедектер, жетім балалар, көпбалалы отбасылар, Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен басқа да әлеуметтік жағынан аз қорғалған топ өкілдері бар баспана кезегінде тұрған азаматтарды баспанамен қамтамасыз ету қалай жүзеге асады? Мемлекеттік тапсырыс үшін үй салатындар қалай таңдалады? Тұрғын үй құрылысының сапасына халықтық бақылау жүргізіле ме? Бүгінгі күні тұрғын үй саясатының ішінде қайсысы өтімді? Кезектің жылжуы қалай қадағаланады? Көптеген қазақстандық отбасылар үшін аса маңызды осы және өзге де сауалдарды клуб отырысына шақырылған сарапшы мамандар талқыға салады, дейді ұйымдастырушылар.
Айта кету керек, «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік-экономикалық модернизация - Қазақстан дамуының негізгі бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында берілген тапсырмаларды жүзеге асыру мақсатында қабылданған.
Бағдарламаға сәйкес «Самұрық-Қазына» Жылжымайтын мүлік қоры» АҚ 2020 жылдың соңына дейін кемінде 3,5 млн. шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға бермек. 1 шаршы метрдің бастапқы құны аймақтарда 144 мың теңге болса, Астана, Алматы, Атырау, Ақтау қалалары мен осы қалалардың айналасында 180 мың теңге болмақ.