Қолжетімді баспана бағдарламасы бойынша Алматы қаласының әкімі 10 отбасыға жаңа пәтердің кілтін табыс етті

Олардың 10-ын шаһар басшысы Ахметжан Есімов өз қолымен «Халық» спорттық ойын-сауық кешені паркінде өткен Қазақстан халқының бірілігі мерекелік шарасы кезінде табыс етті. Олардың арасында Ирина Сайрамова, Саят Әбусейтов, Айгүл Керімтаева, Алмас Балабаев, Галина Оразова сияқты азаматтар бар.
Қарасу ықшамауданындағы коттетедж қалашығында жалпы 928 отбасы баспанамен қамтамасыз етілмек. Онда құрылысы дамыған елдерде соңғы 50 жылда кеңінен қолданылып келе жатқан жеңіл жұқа болат қабырғалы конструкциялар технологиясы қолданылуда. 3-4 айда тұрғызылатын бұл үйлердің сейсмикалық беріктігі 9 баллға төтеп береді. Бұл технология АҚШ, Жапония, Канада сияқты елдерде кең қолданылатын қоғамдық және тұрғын үй ғимаратында халыққа қолжетімді бағада өте сенімді тұрғын үй салуға жақсы мүмкіндік берген болатын. Коттедждер қалашығының құрылыс жұмыстарының жетекшісі Тимур Левиннің айтуынша, көлемі 75 шаршы метрді құрайтын бұл үйлердің әрбір шаршы метрінің бағасы 101 мың теңгені құрайды. Бұл - қазіргі таңда қаладағы ең төменгі баға болып отыр.