Қолжетімді баспанаға қатысты жаңа бағдарлама жыл соңына дейін қабылданады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қолжетімді баспанаға қатысты жаңа бағдарлама жыл соңына дейін қабылданады. Бұл туралы бүгін Сенаттың Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің кеңейтілген отырысынан кейін журналистерге берген сұхбатында Ұлттық экономика министрінің орынбасары Қайырбек Өскенбаев мәлім етті.
None
None

Еске салайық, комитет отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй қатынастары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы талқыланған болатын.

«Қазіргі күні Үкіметте Елбасы тапсырған бағдарлама қаралып жатыр.Ондағы мәселелердің барлығы мақұлданғаннан кейін, ресми түрде хабарланатын болады. Бағдарлама жыл соңына дейiн қабылданады», - дедi министр орынбасары.

Еске салайық, Президент Нұрсұлтан Назарбаев «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» атты Жолдауында тұрғын үй инфрақұрылымын нығайту мәселесіне тоқталып, баспана құрылысы бағдарламасын қайта қарауды тапсырған болатын. «Бізде қолжетімді баспана бойынша көптеген әдістер бар. Елімізде Тұрғын үй құрылыс жинақ, ипотека, арендалық бағыттар қамтылған. Енді бізге басқа қырынан қарау керек. Мемлекет әлеуметтік арендалық баспананы салып, оны халыққа сатып алу құқығымен ұзақ мерзімге жалға беретін болады. Қазіргі кезде қолданыстағы жүйе қомақты қаржыны талап етеді. Бастапқы жарнаны төлеткізеді, содан кейін банктер кабальды (кіріптарлық) пайыздарды бекітеді, яғни оның деңгейі 20 пайызға жетеді. Адамдар оны төлеуге қауқарсыз және проблемалар туындайды. Бұл бағдарламалар қалады, олар дәулетті адамдар үшін қалыпты. Ал жаңа бағыттағы бағдарламаны жас отбасылар үшін және баспанаға зәру азаматтарға жасап жатырмыз», - деді Елбасы.

Президенттің сөзіне қарағанда, жаңа бағдарлама бойынша баспана еш делдалдарсыз, барынша төмен пайызбен беріледі. Несиелік қызмет ету 1-2 пайыз көлемінде болуы мүмкін. Осы бағдарлама аясында тұрғын үйді сатып алу құны төмендетіледі, бастапқы жарна төленбейді.

Соңғы жаңалықтар