«Қолжетімді тұрғын үй 2020» бағдарламасы аясында өтінімдер қабылдау басталды - Астана

АСТАНА. 18 ақпан. ҚазАқпарат - 2013 жылдың 18 ақпанынан 18 сәуіріне дейін Астана қаласында «Қолжетімді тұрғын үй» бағдарламасы аясында салынып жатқан жайлылығы 3 санаттағы үйлерден «көркейтілген» нұсқадағы пәтер сатып алу үшін өтініштер қабылданады.
None
None

Бұл туралы «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ баспасөз қызметі мәлім етті, деп жазады елорданың ресми сайты.

Астана қаласында пәтерлер мына мекен-жайларда сатылады:

1. Айнакөл көшесі мен Жұмабаев даңғылының және Айнакөл көшесі мен Қордай көшесінің ортасында орналасқан көп қабатты тұрғын үй кешенінде барлығы - 716 пәтер. Оның ішінде 1, 2, 3 және 4 бөлмелі пәтерлер ең үлкен жалпы алаңы 33,74-тен 97,4 ш.м. дейін. Әр шаршы метріне 142 500 теңгеден. Құрылыстың аяқталу мерзімі: 2013 жылдың 30 қарашасы.

2. С.Сейфуллин мен Ш.Бейсеков көшелерінің қиылысында орналасқан көпқабатты тұрғын үй кешенінде. Барлығы: 198 пәтер, олардың ішінде 1, 2, 3 және 4 бөлмелі пәтерлер ең үлкен жалпы алаңы 35,57-ден 87,83 ш.м. дейін. Әр шаршы метріне 142 500 теңгеден. Құрылыстың аяқталу мерзімі: 30 2013 жылдың 30 қарашасы;

3. Ғ.Мүсірепов пен Ш.Құдайбердіұлы даңғылының және Мұстафин көшесі орамдарында орналасқан көп қабатты тұрғын үй кешені Барлығы: 99 пәтер, олардың ішінде ең үлкенінің жалпы алаңы 35,57-ден 87,35 ш.м. дейін, әр шаршы метріне 142 500 теңгеден 1, 2, 3 және 4 бөлмелі пәтерлер. Құрылыстың аяқталу мерзімі: 2013 жылдың 30 қарашасы.

Соңғы жаңалықтар