«Қолжетімді тұрғын үй-2020» бағдарламасы бойынша биыл жас отбасылар үшін 3,5 мыңға жуық пәтер салынады
АСТАНА. 8 тамыз. ҚазАқпарат - «Қазақстан Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ «Қолжетімді тұрғын үй-2020» бағдарламасы аясында жас отбасыларға арнап тұрғын үй салуға жергілікті атқарушы органдармен келісімдер жасасты.
Бұл туралы ҚТҚЖБ басқарушы директоры Мұрат Шәріпов мәлім етті, деп хабарлады Primeminister.kz.
«Бүгінгі таңда жергілікті атқарушы органдармен жас отбасыларға арналған 3,5 мың пәтер болатын 62 тұрғын үйдің құрылысына келісімдер жасалған», - деді М.Шәріпов.
Сонымен қатар, ол бүгінгі таңда қаржыландырылған нысандардың әлі жоқ екенін атап өтті. «Меніңше, әлі ерте. Жыл соңына қарай сәйкес нәтижелер болады және жас отбасылар үйлерді жалға ала бастайды», - деп есептейді ол.
Оған қоса, М.Шәріпов әр өңірдегі жағдай әр түрлі екенін түсіндірді. «Кейбіреулері үйді тапсыруға дайындалып жатыр, ал біреулері құжаттарды рәсімдеп, жас отбасылар арасында конкурс өткізуде», - деп толықтырды басқарушы директор.
Ұпайларды есептеу және кезекті қалыптастыруды әкімдіктер жүзеге асыратыны белгілі, ал банктің міндеті төлем қабілеттілігін растау, сондай-ақ тұрғын үй құрылыс жинақ туралы келісім-шарт жасау.
Жалпы алғанда, жыл соңына дейін Алматы облысында 120 пәтерден тұратын 2 үй, Солтүстік Қазақстан облысында 216 пәтерден тұратын 1 үй, Қостанай облысында 352 пәтер болатын 7 үй, Атырау облысында 234 пәтер, Қарағанды облысында 154 пәтердің құрылысы жоспарланған.