«Қолжетімді тұрғын үй - 2020» бағдарламасы бойынша құрылыс жұмыстары басталады

АЛМАТЫ. 4 шілде. ҚазАқпарат - Құрылыс биыл басталады деп жоспарланып отырған «Қолжетімді тұрғын үй - 2020»бағдарламасы жобасы іске қосылған кезде 250 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі.
None
None

  Ал болашақта оның көлемі 500 мың шаршы метрге дейін өспек. Елбасының Қазақстан халқына Жолдауындағы тапсырмасы  бойынша бекітілген бұл бағдарламаның басты бағыттарының бірі «Сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үй» болып табылады. Ол  «Қазақстан ипотекалық компаниясы» ипотекалық ұйымы» АҚ-мен жүзеге асырылмақ.

   Компанияның баспасөз қызметінің хабарлауынша, бастапқы кезеңдерде құрылыстың 1 шаршы метрінің орташа құны 100 мың теңгені құрайды. Ол баға орналасқан аумақтарына, сейсмикалық ерекшеліктеріне байланысты өзгертілуі мүмкін.  Бастапқы кезеңдерде құрылысты жалға алудың 1 шаршы метрінің орташа құны 100 мың теңгені құрайды. Жалға берілетін жайлылығы 3-4 сыныпты тұрғын үйлердің аумағы  35 пен  80 шаршы метр аралығында болады. Сатып алу құқығымен мынадай талаптармен жалға беріледі: 1-сатып алу құқығымен тұрғын үй 15 жылға беріледі, содан кейін тұрғын үй жалға алушының меншігіне өтеді; 2- бастапқы жарна 6 айлық жалға алу төлемін құрайды; 3-жалға берілетін тұрғын үйді 10 жылдан кейін сатып алуға болады; 4-табысы жеткіліксіз болған жағдайда қосалқы жалға алушыларды тарту мүмкіндігі бар; 5-жалға алу құқығын үшінші тұлғаларға беру мүмкіндіктері де бар; 6-ағымдағы қаржылық жағдайына байланысты аумағы тұрғын үйлерге ауыстыруға болады.

Жалға берілетін тұрғын үйлерге мұқтаж азаматтардың тізіміне кіру және олар бойынша құжаттарды қабылдау жергілікті атқарушы органдармен (ЖАО) жүргізіледі. Тұрғын үйлер берілетін азаматтардың санаты туралы және тапсыруға қажетті құжаттардың тізімі туралы толық ақпаратты ЖАО-дан  алуға болады.

Жалға берілетін тұрғын үйді бөлгенге дейін Бағдарламаға қатысатын әлеуетті қатысушыларының төлем қабілеттілігін сараптау Қазақстан ипотекалық компаниясымен жүргізіледі. Жалға берілетін тұрғын үйді алуға мұқтаждығы басым азаматтар тізімі санаттарына қарай ЖАО-мен жүргізіледі.

 Компания  бағдарламаны іске асыру мақсатында «Бірлескен төлем жүйесі» және «Қазақстандық тұрғын үй-құрылыс корпорациясы» деп аталатын компанияларды құрады. Олар жалға алушылармен қажетті жұмыстарды (жалға алу шарттарын, коммуналдық/пайдалану қызметтерін және т.б. қызмет көрсету шарттарды жасайды), жалға алу төлемдерін бір жүйеге келтіру, әлеуетті құрылыс жұмыстарын жүргізушілерді анықтау жөніндегі шараларды жүргізеді және құрылыстың барлық кезеңдерін бақылайтын болады.

Соңғы жаңалықтар